Ата-енем орамал тақпай-ақ қой деді - Салтанат Бақаева - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-енем орамал тақпай-ақ қой деді - Салтанат Бақаева

Ата-енем орамал тақпай-ақ қой деді - Салтанат Бақаева

Қазақстандық әнші, актриса Салтанат Бақаеваның ата-енесі келіндерін “орамал тақ” деп міндеттемейтін көрінеді.

  • 3 Ақпан 2023
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесіне желідегі оқырмандары бірнеше сауал жолдады. “Ата-енеңізбен бірге тұрғанда орамал тақпайсыз ба?” деген сұраққа Салтанат: “Орамалға деген көзқарасым жақсы. Мен алғаш келін болып түскенде ғана орамал таққанмын. Сосын ата-енем “тақпай-ақ қой” деді, – деп жауап берді.


Актриса жақында театрдағы жұмысына оралатынын айтты.

“Ұлыңызға қарайтын көмекшіңіз бар ма?” деген сауал да жауапсыз қалмады. Салтанат кенже ұлына күйеуі мен үлкен балалары қарайласатынын, ал үй шаруасына болысатын көмекшісі барын жасырмады.