Еліміздің жекелеген жоғары оқу орындарында «сырттай оқыту саласы ешқандай білім бермей-ақ, дипломдар басып шығаратын кіші-гірім фабрикаға айналды»,- деді вице-премьер. «Адам белгілі мөлшерде ақша төлеп, жоғары білім игергендігі туралы дипломды кепілді түрде алатын үрдіс қалыптасты»,- деді ол. Г.Марченконың айтуынша, «осындай диплом алған адам өзінің пендешілікке, кеудемсоқтыққа негізделген сұраныстарын ғана қанағаттандырғаны болмаса, қоғам мен экономикаға келер-кетер жоқ». Осыған байланысты, вице-премьердің айтуынша, елімізде сырттай білім беру саласының келешегін «талқылау қажеттігі туындап отыр».