Соңынан белгілі болғанындай, әлгілер бір тонаушының көршісінің үйінен компьютер, бейнемагнитофон, фотоаппарат тәрізді тұрмыстық техниканы түгелдей тонап шыққан. Соңынан бұл олжасы да аздау көрінген сыңайлы, үйге қайтадан бас сұққан әлгілер сейфті үптемек болады. Ақыры ашылмаған сейфті тонаушылар өздерімен бірге ала кеткен.
Ұсталған Ақтау тұрғындары қазір уақытша тергеу қапасында отыр. Оларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктелуі мүмкін.
Сефтен шыққан дүниелер кешікпей иесіне қайтарылады. Дүниесі табылған әйел алғыс ретінде сержанттардың әрқайсысына 30 мың теңгеден сыйлық тағайындауға уәде берді. Ал облыстық ІІБ-ның бастығы болса, көзге түскен сержанттарға бұйрық негізінде салтанатты жағдайда тағы да 30 мың теңгеден ынталандыру сыйлығын табыс етіп үлгерді.