Жиенін терезеден лақтырып, енесін пышақтап өлтірген: Астанада қанды қылмыстан кейін ер адам 7-қабаттан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жиенін терезеден лақтырып, енесін пышақтап өлтірген: Астанада қанды қылмыстан кейін ер адам 7-қабаттан секіріп кетті

Жиенін терезеден лақтырып, енесін пышақтап өлтірген: Астанада қанды қылмыстан кейін ер адам 7-қабаттан секіріп кетті

Астанадағы "Хабар" тұрғын үй кешенінде жаға ұстатарлық жайт орын алды. Тұрғын 4 жасар жиенін терезден лақтырып, енесін пышақтап өлтірген. Кейін өзі 7-қабаттан секіріп кеткен. Көршілерінің сөзінше, ер адам ойынқұмар болған әрі қарызға белшесінен батыпты. Кейін жанжал туындап, соңы қайғылы оқиғаға әкеп соғыпты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

  • 7 Ақпан 2023
  • 214
Фото - Caravan.kz

Балкон түбінде жатқан баланың мәйітін бірінші қабаттағы көршісі байқаған. Кейін ер адамның әйелі қашып шығып, көршісінен көмек сұрапты. 

"Таңғы 5:00 шамасында есікті қақты. Сыртта қан-жоса болған қыз тұр. Күйеуінің есінен адасқанын, ойын құмар екенін айтты. Үтікпен, қолына түскен затымен ұрған. Пышақтамақ болыпты, бірақ әйел қашып үлгерген. Киініп, сыртқа шығып едім… Балконымның түбінде кішкентай бала жатыр. Бас жағы қан", – деп жазды көршісі әлеуметтік желіде.

"Сыртқа шыққанда оң жақта қоқыс жәшігі бар. Сол жәшіктен үйдің бұрышына дейін жауып қойған. Полицейлер өз қоршауларын қойыпты", – деп қосты тұрғындардың бірі. 

Ал тәртіп сақшыларының мәліметінше 5 ақпанда жанжал болғаны туралы хабарлама келіп түскен. 


"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды", – делінген Астана қалалық полиция департаментінің хабарламасында. 

Тұрғын үй кешенінің тұрғындары қайғылы жайтқа байланысты өз болжамдарын да айтты. 

"Енесі мен қайын атасы күйеу балаларына зекісе керек. Мас болған сыңайлы. Ойын құмар еді. Барлығына қарыз болса керек. Мұнда ипотека да бар. Жоғалтатын ештеңесі жоқ", – дейді көршісі.