Агенттік ақпаратына сәйкес, Атырау облысы Мақат ауданы «Доссор» станциясында өткізілген арнаулы шаралар нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.
Сөйтіп, жалған ақпараттың кесірінен 16 сағат 20 минут пен 18 сағат 10 минут аралығында аталмыш поезд тоқтап тұруға мәжбүр болды. Ал басқа бағыттағы отарбалардың қозғалысына кедергі келген жоқ.