Оның айтуынша, «мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы, жалпы өзгеру ықтималдығы бар амплитуданың орта шенінде, басқаша айтқанда, әрбір баррелі үшін 24-26 доллар шамасында тұрақтайды» деген болжам еліміздің экономикалық дамуы осындай бағытта өрбуі мүмкіндігін бағамдауға негіз болып отыр.
Вице-министрдің айтуынша, бағаның күрт төмендеу сценарийі бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы ең төменгі шекке таяу, немесе бір баррелі үшін 17-18 доллар шамасында болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Жалпы Ішкі Өнімнің өсу қарқыны орта есеппен 3-4 процент деңгейінде болмақ.
Ал бағаның жоғары болу ықтималдығы бойынша әлемдік нарықтағы мұнай бір баррель үшін 30 долларға немесе одан да жоғары бағалануы мүмкін. Ондай жағдайда Жалпы Ішкі Өнімнің өсу қарқыны орта есеппен 9-10 процент деңгейінде болмақ,- деді Б.Сұлтанов.