Сондай-ақ, табиғи көгілдір отын өндіру мөлшері де 2,3 есе немесе 193,6 млн. текше метрге (тиісінше 82,6 млн. текше метр) артты. Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы кәсіпорындар өнім өндіру мөлшерін 8,2 есе және 6,2 есе ұлғайтты.
Тау-кен өнеркәсібінің басқа салаларында өнім өндіру мөлшері 2,5 есе өсті. Мұндай көрсеткішке құмтас өндіру мөлшерін 1,2 есе немесе 27 мың текше метрге, табиғи құм өндіру мөлшерін 4 есе немесе 4,8 мың текше метрге, қиыршық тас өндіруді 4,7 есе немесе 44,9 мың текше метрге, мұнай және газ өндіру қызметтерін ұсыну көлемін 1,3 есе арттыру нәтижесінде қол жетті.
Сондай-ақ, 2004-жылдың қаңтар айында 2003-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда Ақтаудағы кәсіпорындар газ конденсатын өндіру мөлшерін 3,1 есе немесе 23,5 мың тоннаға (тиісінше 7,6 мың тоннаға) өсірсе, Жаңаөзендегі кәсіпорындар керісінше газ конденсатын өндіру мөлшерін 4,2 процентке кемітті.
2003-жылғы қаңтар айымен салыстырғанда Ақтаудағы кәсіпорындар шикі мұнай өндіру мөлшерінің 8,2 проценттік өсімін, ал Жаңаөзендік кәсіпорындар 2,0 проценттік өсімін қамтамасыз етті.