15-ақпандағы жағдаймен жиналған мұздақтардың қозғалысы Жосалы ауылынан жоғары 3,5-4 шақырымда байқалып отыр. Қозғалыстан апатты жағдай туындау көрінісі байқалған жоқ. Бөгеттер маңына күзетшілер шығарылды.
Қазалы ауданындағы «Иланды» учаскесінде қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Су шайып кеткен бөгеттің жеті жерінің 5-еуі қалпына келтірілді. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі мен «Росо» тобының қызметкерлері «Басықара» плотинасының маңында шлюздарды мұздан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Өзен арнасын бойлай 20-25 см-лік мұзатқы түзілді.
Тұтастай алғанда облыстағы су шаруашылықтарындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Облыстың апаттан құтқару қызметінің құрамы жоғары дайындық жағдайында жұмыс істеп жатыр.