Д.Ахметов осы орайда республикамызда халықаралық сапа стандартына көшкен кәсіпорындар санының «төтенше аздығына» тоқтала отырып, «экспорттық өнімдер құрылымындағы жоғары технологиялық өнімдердің үлес салмағының 2 проценттен аспауының себебі де осыда жатыр»,- деп атап көрсетті. Үкімет басшысының пайымдауынша, өнім сапасын арттыру үшін «әлемдік стандарттарға тез арада әрі тиімді ден қою қажет». Бұл істе ҚР индустрия және сауда министрлігі катализатор ролін атқаруы тиіс.
Д.Ахметов осы орайда елімізде «ұлттық стандарттау және сертификациялау жүйесін дамыту бағдарламасы айрықша қысқа мерзімде жасалып бекітілгенін, базалық заңның дайындалғанын» еске салды. «Құжаттың айрықша маңызын ескере отырып, заң жобасын таяу уақыттарда халықаралық сарапшылармен бірлесе дәйектеу қажет. Бұл орайда бірінші кезекте құжаттың Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестілігін анықтап, алғашқы жарты жылға сыйғызып оны қабылдауды қамтамасыз еткен жөн»,- деді Д.Ахметов.