Акцияға Республикалық «Отан» саяси партиясының Алматы облыстық филиалы, СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі республикалық орталық, нашақорлық, СПИД және есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік сауықтыру проблемаларымен айналысушы еріктілердің «Жусан» қоғамдық қорының өкілдері қатысады.
Акция аясында жастардың көрнекі шығармашылық туындыларының республикалық байқауының қорытындысы шығарылады. Бұл байқау барысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық-профилактикалық материалдар таратылған болатын. Сондай-ақ, байқау шеңберінде «СПИД-пен күрес » тақырыбында қойылым ұйымдастырылды.