«Қазақтарды көріп қызғанып кетемін»: Ресейлік татар қазақтарды не үшін қызғанатынын айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтарды көріп қызғанып кетемін»: Ресейлік татар қазақтарды не үшін қызғанатынын айтты (ВИДЕО)

«Қазақтарды көріп қызғанып кетемін»: Ресейлік татар қазақтарды не үшін қызғанатынын айтты (ВИДЕО)

Жаппай мобилизациядан кейін Атырауға  бас сауғалаған ресейлік татар қазақтар туралы ойын бүкпесіз айтты.

  • 14 Ақпан 2023
  • 7650
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы видео ютубтағы арналардың бірінде жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Аздап көңіл-күйім түсіп кетті. Әлдебір мейрамхананы жалға алған едім. Өте күшті қымбат мейрамхана. Тағамы дәмді, бәрі бар дегендей. Онда көптген шаралар өтеді. Қазақтар отбасыларымен, туыстарымен жиналып жатады. Баланың тұсуын кесу, бір жасқа толуы, туған күн, әйтеуір түрлі себептермен бас қосып жатады. Ұлттық киімде, домбырада ойнап, өз тілдерінде ұлттық әндер шырқалып жатады. Шынымды айтсам, қызғанам, қызығып кетем, әрине, жақсы мағынада.

Бұрын бізде де татарларда солай еді ғой, біз де жиналатын едік қой. Айтпақшы мұндағы жиындар арақсыз өтеді. Сенесіз бе?! Cөйтсек дастарханға арақ қоймай-ақ тойлауға болады екен. Тамақ ішіп, жақындарыңмен әңгімелесіп, салт-дәстүрді сақтап, субханалла, бұл керемет!

Осының бәрін көріп отырып, көзіме жас келеді. Бізде, татарларда  өкінішке  орай мұндай нәрсенің бәрі жоғалған, жойылған, ассимиляцияға ұшыраған.

Міне тәуелсіздік не үшін керек. Тек тәуелсіз халық қана өзінің дәстүрін, тілін, мәдениетін жаңғырта алады еке
н.

Мен өз татар тілімді білмегенім үшін ұяламын. Білемін, тек иттің деңгейінде ғана, Яғни түсінемін,, бірақ айта алмаймын. Мен татар тілін білгенде бұл жерде қазақ тілін тез үйреніп алар едім. Бірақ үйренуге уәде беремін. Өйткені ол ана тілі.

Ал өз тілін, дәстүрін, мәдениетін сақтап отырған қазақтарға бас иемін»,- деді видеодағы ресейлік татар жігіті.