«Бір күнге қыз керек»: Қазақ жігіттері Әулие Валентин күні өз қызметтерін ұсынып, желіде ұятқа қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бір күнге қыз керек»: Қазақ жігіттері Әулие Валентин күні  өз қызметтерін ұсынып, желіде ұятқа қалды

«Бір күнге қыз керек»: Қазақ жігіттері Әулие Валентин күні өз қызметтерін ұсынып, желіде ұятқа қалды

14 ақпан, қазақ жастары жылдағы дәстүрмен Әулие Валентин күнін атап өтуде. Осыған орай, танымал хабарландыру сайттарында жас қыз-жігіттер түрлі қызмет ұсынатын болған.

  • 14 Ақпан 2023
  • 180
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлайды.

Осылайша Caravan.kz тілшісі Olx.kz сайтындағы ғашықтар күніне орай жарияланған хабарландыруларды зерттеп көрді. Онда жігіттер мен қыздар киноға барудан бастап, тіпті "анаңызбен танысамын" деген сипаттағы хабарландырулар да жариялаған. Мәселен:

Құрбыларыңыздың алдында жігітіңіз ретінде, әдемі келу — 5 мың теңге (+6 мың теңге гүлдермен бірге);

Киноға бару – 2 мың теңге;

Мейрамханаға бару – 5 мың теңге;

Гүл шоғын сыйлау – 10 мың теңге;

Статус, рилс, стористе көріну – 15 мың теңге;

Күні бойы сізбен бірге болу – 30 мың теңге;

Анаңызбен танысу – 50 мың теңге;

Сүйіктіңіз болу – айына 200 мың теңге.

Аталған сайтта дәл осы сипаттағы тағы бір хабарландырудың куәсі болдық.

Онда:

«Бір күнге, 14 ақпанға қыз керек, күнімен менің есебімнен қыдыратын боламыз», — деп жазылған.


Тағы бір хабарландыруда:

«Бір күнге жігітті жалға беремін. Қыдыру – 2 мың теңге, қыдырып, гүл шоғын ұсыну – 3 мың теңге», — деп жазылған.

Аталған сарындағы хабарландырулар TikTok әлеуметтік желісінде де қызу талқынуда. Желі қолданушылары мұндай қызмет ұсынған азаматтарды сынға алған.

«Естімеген елде көп деген осы шығар», «Қазақтың қыз-жігіттеріне не болған?», «Ұят-ай, қайда бара жатырмыз жалпы?», «Тағы не қалды сатылмаған», — деп жазды олар.