Жолдауда мемлекет басшысы «азаматтық қоғамның барлық институттарын төрт аяғынан тік тұрғызбайынша елді гүлдендіру мүмкін емес» дей келіп, олардың арасынан бұқаралық ақпарат құралдары айрықша орын иемденетінін атап көрсетті.
«Қазіргі БАҚ-тардың басым бөлігі жеке меншікте, дейтұрғанмен, журналистің азаматтық сезімін, отаншылдығын, намысы мен ар-ұжданын ешкім де жекешелендіре алмайды» ,- дейді Н.Назарбаев.
Өз жолдауында мемлекет басшысы журналистердің конгресс отырысындағы бірлескен жұмыстары «кәсіби журналистік этика қағидаларын, қазақстандық журналистердің өзіндік ар-ұждан кодексін жасап шығаруға септігін тигізетініне» сенім білдірді.
Елбасы Қазақстан журналистері мен форум жұмысына шығармашылық тапқырлықтар мен толайым табыс тіледі.