"Мәдени мұра" бағдарламасының бір бөлігі бюджеттен тысқары көздерден қаржыландырылуы мүмкін - ҚР мемлекеттік хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәдени мұра" бағдарламасының бір бөлігі бюджеттен тысқары көздерден қаржыландырылуы мүмкін - ҚР мемлекеттік хатшысы

"Мәдени мұра" бағдарламасының бір бөлігі бюджеттен тысқары көздерден қаржыландырылуы мүмкін - ҚР мемлекеттік хатшысы

"Мәдени мұра" бағдарламасының бір бөлігі бюджеттен тысқары көздерден қаржыландырылуы мүмкін. Қазір бұл мақсатқа дәл қанша қаржы талап етілетіні белгісіз, бірақ бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен тысқары көздер де тартылатыны анық нәрсе. Бұл туралы бүгін, 20-ақпанда өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.

  • 20 Ақпан 2004
  • 611
Фото - Caravan.kz

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында респуликалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді. Алайда, үш жыл ішінде бұл сан талай мәрте өзгертілетіні анық. Менің пікірімше, жалпы қаржы көлемі 2 млрд. теңгеден асып жығылады».

«Таяу уақыттарда біз бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту үшін арнаулы қор құрамыз. Экспедициялар мен зерттеу жұмыстары, мұражайлардағы іс-шаралар осындай қаржы есебінен жүзеге асырылады»,- деді И.Тасмағамбетов. Осыған орай мемлекеттік хатшы қазір «аймақтарда өзіндік кіші бағдарламалар жасалғанын, оларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлу көзделіп отырғанын» хабарлады.
«Мәдени мұра» бағдарламасы, И.Тасмағамбетовтың айтуынша, «қазақ халқы тарихының қат-қат мәдени құндылықтарын қайта жаңғыртуды көздейді». «Соңғы 12 жылда Қазақстан экономикасы мұндай бағдарламаны қаржыландыруға мүмкіндік бермеді, ал қазіргі ахуалда бұл республикамыз үшін бірегей жоба»,- деді ол.
И.Тасмағамбетовтың айтуынша, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «дүниежүзілік әдеби классикалық шығармалардың жүз томдығын басып шығару көзделіп отыр. Бұл елімізде бұрын-соңды атқарылмаған ауқымды әрі күрделі, асқан ыждағаттылықты талап ететін жұмыс. Ол үшін бізге кәсіби тәржімашылар қажет».
«Бұл, әрине, үш жылмен ғана шектеліп қалмайтын ұланғайыр жұмыстардың бастамасы ғана»,- деді мемлекеттік хатшы.