Үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстан үкіметінің атынан консорциумға қатысушыларды «өзара қарым-қатынасты дамытудағы жаңаша кезеңге негіз қалайтын осынау маңызды оқиғамен» құттықтады. «Қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстанда қысқа мерзімде 29 млрд. доллар игеріліп, реттеу мақсатындағы техникалық және технологиялық шешімдер қабылданады»,- деді үкімет басшысы.
«Қазақстан жағы мен консорциумға қатысушылар тарапынан қабылданған салиқалы шешімге біз қанағаттанамыз»,- деді Д.Ахметов. Ол осы орайда «Қазақстан бұған дейінгі қол қойылған келісім-шарттарынан бас тартпау идеологиясына бағынатынын, әрі экономиканың шикізат секторындағы жұмыстардың ашықтығын мейлінше қамтамасыз етуге талпынатынын» тағы бір еске сала кетті. «Біз Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасаймыз»,- деді ол.
Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді құрайды.