Қазіргі жағдаймен, су қоймасына секундына 825 текше метр, ал Сырдарияға секундына 750 текше метр, Қызықұм каналына секундына 100 текше метр, Арнасай ойпатына секундына 321 текше метр су жіберіліп отыр.
Сондай-ақ, бейресми мәліметтерге сәйкес, Өзбекстан Арнасай су қоймасына жіберілетін су көлемін секундына 400 текше метрге дейін азайтуға мүмкіндік беретін жаңа су жіберу құрылымын салып бітірген. Құрылым әзірге іске қосылмаған , оған қажеттілік те туындай қойған жоқ. Бұл құрылым Өзбекстан жағы тұщы су жинау үшін салған көршілес су қоймасын айналып өтіп, Шардара су қоймасынан тікелей су алуға мүмкіндік береді.