2004 жылғы ақпанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының көлемі 6ip айда 25,6%-ке ұлғайып, 9,6 млрд. теңгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004  жылғы  ақпанда  Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының көлемі 6ip айда 25,6%-ке ұлғайып, 9,6 млрд. теңгеге жетті

2004 жылғы ақпанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының көлемі 6ip айда 25,6%-ке ұлғайып, 9,6 млрд. теңгеге жетті

2004 жылғы ақпанда Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының көлемі 6ip айда 25,6%-ке ұлғайып, 9,6 млрд. теңгеге жетті. Сонымен бірге айналыстағы бағалы қағаздардьң көлемі 6ip айда 2,9%-ке өciп, 173,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін, 3-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

  • 3 Наурыз 2004
  • 522
Фото - Caravan.kz

2004 жылғы ақпанда орта мерзімді қағаздарды қор биржасында саудалауға бағытталған 4 аукцион өткізіліп, 2, 4, 5 және 10 жылдық МЕОКАМ-дар сатылды. 4 жылдық облигациялар бойынша тиімді кірістілік 8,16%-тен ( 18.11.02 ж.) 6,09%-ке дейін темендеді, ал қалған құралдар бойынша кірістілік көрсеткіші өзгерген жоқ. Атап айтсақ, 2 жылдық бағалы қағаздың кірістілік деңгейі — 5,88%-ті, 5 жылдық — 6,18%-ті, 10 жылдық — 6,50%-тi құрады.

?лттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2004 жылғы ақпанда 6ip айда 23,7%-ке төмендеп, 44,4 млрд. теңгеге жетті. Мұндай жағдай ноттардың орташа айлық тиімді кірістілік көрсеткіші 5,05%-тен 5,04%-ке дейін шамалы темендеуі кезінде белең алды. 2004 жылғы ақпанда ноттарды өтеу көлемі 18,3 млрд. теңге болды. Нәтижесінде айналыстағы ноттардың көлемі бір айда 11,1%-ке көбейіп, 249,6 млрд. теңге болды.
2004 жылғы ақпанда ?лттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша мәмілелер көлемі шамалы төмендеді ( 2,7%-ке төмендеп, 59,4 млрд. теңгеге жетті).

Соңғы жаңалықтар