Елімізде сирек кездесетін тұяқты жануарлар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сирек кездесетін тұяқты жануарлар саны артты

Елімізде сирек кездесетін тұяқты жануарлар саны артты

Елімізде сирек кездесетін тұяқты жануарлар санының өсуі байқалады.

  • 2 Наурыз 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz


Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. .

Үкімет басшысының атап өтуінше, Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бірлесіп, жыл сайын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін есепке алады. Сондай-ақ, табиғатты қорғау іс-шаралары мен олардың популяциясына мониторинг жүргізіледі.

«Осы жылы жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сирек кездесетін тұяқты жануарлар санының өсуі байқалғанын атап өткенін жөн. Мәселен, тоғай бұғыларының саны — 1 052 (2021 жылы – 976), қарақұйрықтың саны — 15 089 (2021 жылы – 14 894), құланның саны — 4 413 (2021 жылы – 4337), арқардың саны 19 730 (2021 жылы – 18 279) басты құрады. Бұдан басқа, елде Биоәртүрлілікті сақтаудың қазақстандық қауымдастығы және Биосаналуандылығын сақтау қоры сияқты жануарларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Бұл ұйымдар жануарлар дүниесін қорғау және қорғау саласында, оның ішінде жабайы жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген түрлерінің санын қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыс жүргізеді», — делінген Премьер-Министрдің жауабына.