Ақтөбеде жалған ұйым арқылы бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі өндірісті тіркеді.
Облыстық МКД қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.
"Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Авдонин Ю.В. қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті", — делінген хабарламада.
Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Жалған шот-фактураларды жазу, бюджет қаражатын ұрлау және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың түрлері жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы анықталады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және адал бизнесті заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді", — деп толықтырды ведомство.