Өрт сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылды. Адамдар өліміне кінәлі деген күдікпен 22 жасар Орал тұрғыны ұсталды.
Полиция ақпаратына сәйкес, күдікті қылмысын мойындаған. Бірлесіп шөлмек босатқаннан кейін адамдар арасында шыққан кикілжің үш бірдей жанның өмірін қиды. Қылмыстың ізін жасыру үшін жан алғыш үйді өртеп жіберген.
Үш адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.