«Жауап беріп үлгермедік»: Белгілі құқық қорғаушы Дина Таңсәрі ауруханаға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жауап беріп үлгермедік»: Белгілі құқық қорғаушы Дина Таңсәрі ауруханаға түсіп қалды

«Жауап беріп үлгермедік»: Белгілі құқық қорғаушы Дина Таңсәрі ауруханаға түсіп қалды

Танымал құқық қорғаушы, «Не Молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі ауруханаға түсіп қалды.

  • 14 Наурыз 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қор өкілдері желідегі парақшада мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Белгілі болғандай құқық қорғаушы бүгінде ауруханаға жатқызылған көрінеді.

«Достар, кеше кешке Дина жүрек талмасымен аяқ астынан ауруханаға жатқызылды. Дәл қазір оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, алайда дәрігерлер оған күтініп, денсаулығына мән беруге кеңес берді.

Бірақ бұл біз бір ай бойы желіден тоқтатамыз деген сөз емес, біз бастаған істерімізді соңына дейін жеткізіп, жаңа арыз-шағымдарды қараймыз. Кеше және бүгіннің өзінде 40-тан астам шағым келіп түсті. Олардың кейбіріне әлі жауап беріп үлгерген жоқпыз. Сол себепті сіздер түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз. Ал шұғыл жағдайда 102, 111, 150 телефондарына қоңырау шалыңыз. Желіге жазудан қорықпаңыздар және сіздерді қолдайтын адам бар екенін ұмытпаңыздар», — деп жазды қор өкілдері.