Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Естігенде сенбеп ем, рас екен.
Қанша жерден мал құлағы саңырау десек те, бұл сұмдықты қоғамнан жасыруға болмайды!
Ақтауда Жәнібек деген азамат өзінің 3 баласын балталап өлтірген.
2 қыз, 1 ұлдың үлкені 12 жаста, кенжесі 5-ке кеше толған.
Өз ұрпағын асқан қатыгездікпен өзі жоюына не себеп болды екен?
Белгілісі, Жәнібек жат ағым жетегінде кеткен .
Үш адамның қасақана өліміне қатысты Қылмыстық іс қозғалды.
Қоса кетейін, радикалды діндегі қоғамға қауіпті КНБ учетындағы тағы бір азаматымыз 2 баласын ұрлап шет елге қашып кетті. 3 айдан бері бұл балаларды ешбір мем.орган елге қайтара алмай жатыр.
2-ші оқыға жайлы толық жазамын", — деп жазды Гүлмира Әбіқай.