Алыстан болса да, баланың өзіне де, көзіне де баса мән берген халық Еркенің ұлын сөз қылды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Әлеуметтік желіде "Райм саханаға ұлын алып шықты" деп видео тарады.
Ол Еркенің ұлын қасына алып, бірге ән айтты. Сыншыл халық сынап та алды. Бірі "Әке орнына әке болды, Райм ақкөңіл жақсы жігіт" десе, енді бірілері "Өз әкесінен аумайды, жүзінде мұң бар сияқты. Аман жетіп кетсін қазақтың баласы", "Әкесі бар ғой Асхат", деп жазды оқырмандар.