"Өтірік талай жерді өртейді": Ғабидолла Әбдірахымов Динара Әлжанның сұхбатына байланысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өтірік талай жерді өртейді": Ғабидолла Әбдірахымов Динара Әлжанның сұхбатына байланысты пікір білдірді

"Өтірік талай жерді өртейді": Ғабидолла Әбдірахымов Динара Әлжанның сұхбатына байланысты пікір білдірді

Шымкент қаласының экс-әкімі әнші Динара Әлжанның сұхбатына байланысты пікір білдірді.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 14144
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Шындық шырылдап жетемін дегенше, өтірік талай жерді өртейді", — деп қысқа ғана жазба жазды.

Бұл жазбаны көпшілігі Динара Әлжанның сұхбатына жауап деп топшылап отыр.

Естеріңізге сала кетейік,  әнші Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" Youtube арнасына берген сұхбатында

“Біз Шымкентте отырған кезде Ғабидолла Рахматоллаұлы кіріп келеді. Шымкенттің әкімі. Нөл болып, Шымкентте қонақ үйдің ақшасын төлей алмай тұрған кезде кіріп келеді. Биге шақырды, Қайрат Нұртас ән айтты. Сол кезде маған: “Сенің көзің неге мұңды? Неге сен сияқты әншіні білмеймін” деді. “Осындай әндерім бар, хит әнім жоқ. Алдағы уақытта жұмыс жасағым келеді” дедім. Сол кезде ол менің қандай қонақ үйде екенімді сұрады. “Шымкент” қонақ үйінде екенімді айттым. Көмекшісіне хабарласып, “Rixos” қонақ үйінен маған вип-номер алып берді. Келесі күні караокеге бардым, өзге де бизнесмендео бар екен. Сосын ол маған 20 мың доллар тұратын сырға сыйлады. Ол сырға “Шым қала” деген бейнебаянымда бар. Сол кезде маған миллион теңге берді. Ол кісі маған Алматыдан үй алу үшін 70 мың доллардай берді. Ол ақшаның жартысына бейнебаян түсіріп, жартысына үй алдым. Анама көмектестім, қызымды қасыма алдым”, — деп сұхбат берген болатын.

Сондай-ақ Динара Әлжан экс-әкіммен бір мәрте жыныстық қатынаста түскенін мойындаған еді.