Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Әй бір сорлы халықпыз ғой
Балалар емханасында дәрігерге жолығуға кезекте тұрмыз. Дәлізде тұрғандардың 97 пайыз қазақ. Бір кезде бала көтерген жас орыс қыз бен орта жастағы әйел келді. Менен кім соңы деп сұрады.(Әрине өз тілінде). Мен «менен кейін бір адам бар» деп байыппен жауап бердім.(Әрине өз тілімде). Екеуі бір-бірінің бетіне қарады. Түсінбеді шамасы. Тағы сұрады. Тағы айттым. Көрші кабинеттегі дәрігер кезегінде тұрған қалың қазаққа бет алып, көмек сұрады. Мен дауысымды шығарып «бұл кісілерге айтып түсіндірдім, менен кейін бір адам бар, қазақша түсінбеген өздерінен көрсін» дедім. Сонда анда тұрған қалың топтың арасынан біреуі «қырсығын ай өзінің» дейді. Бәрі жамыла кеп әлгі әйелге жарыса аударып берді екі ауыз сөзімді. Бәрі мені жек көріп тұр, күліп мазақ қып тұр. Сөйтіп қалың қазақтың табасына қалдым (шамасы). Тағы бірдеңе дейін десем жеп тастағалы тұр бәрі. Олар әлгі екеуінен мен үшін ұялып, кешірім сұрағандай ортаға сап күңкілдесіп жатты.. Сүмірейіп мен отырмын тура бір халық жауындай.«Қайда барсақта қазақша сөйлейік, орыстар бәрін түсінеді» деп өзімізше үн қатамыз. Міне өстіп сорлы ғып көрсетеді ғой өз қазағым", — деп жазды журналист.