ҰҚК академия курсантының өліміне құмар ойын себеп болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК академия курсантының өліміне құмар ойын себеп болған

ҰҚК академия курсантының өліміне құмар ойын себеп болған

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесін көтерді.

Құмар ойындарға тәуелділік көбінесе заңсыз әрекеттер жасауға және өзіне қол салуға әкеледі. Жақында Алматыдағы ҰҚК академиясында курсанттың қайғылы қазасы болды. Атап айтқанда, курсанттардың құмар ойындарға тәуелділігі мәселесіне қатысты тиісті бақылау жүргізіліп жатыр ма?, -

  • 15 Мамыр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Құмар ойындарға тәуелділік көбінесе заңсыз әрекеттер жасауға және өзіне қол салуға әкеледі. Жақында Алматыдағы ҰҚК академиясында курсанттың қайғылы қазасы болды. Атап айтқанда, курсанттардың құмар ойындарға тәуелділігі мәселесіне қатысты тиісті бақылау жүргізіліп жатыр ма?, — деп сұрады депутат ҰҚК өкілінен.

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша тергеуді полиция жүргізіп жатқанына тоқталды.

Тергеу амалдарының нәтижесінде тиісті қорытынды шығарамыз. Сонымен қатар біз бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргіздік. Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке және оқуға қабылдау кезінде үміткерлер жан-жақты, оның ішінде «шындық детекторы» арқылы психологиялық тексеруден өтеді. Бұдан кейін академиядағы қызметкерлерге қатысты тиісті мониторинг жүргізіледі, бізде арнайы психологиялық және кадр қызметі бар. Сонымен қатар, ішкі қауіпсіздік департаменті де қызмет атқарып жатыр, — деді Қалқабаев Мәжілісте.

Оның айтуынша, бұл бағытта тиісті талдау жасалып, елеулі түзетулер енгізілді.


Құмар ойынының салдары (академияды) бізде де байқалып отыр. Бұл Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының тарихындағы жалғыз жағдай. Ең бастысы, адамның құмар ойындарға бет бұра бастағанын бастапқыдан анықтау керек. Осы бағытта тиісті іс-шаралар жүзеге асырылады, — деді Марат Қалқабаев.

Сонымен қатар депутат әскерде келісімшартпен жұмыс істейтіндер құмар ойындарға бейім екенін айтқан болатын.