"Бетіне де айтқанмын": Танымал актер жолын Тұңғышбай Жаманқұловтың қалай кескені туралы ашық айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бетіне де айтқанмын": Танымал актер жолын Тұңғышбай Жаманқұловтың қалай кескені туралы ашық айтты

"Бетіне де айтқанмын": Танымал актер жолын Тұңғышбай Жаманқұловтың қалай кескені туралы ашық айтты

Актер Ерболат Оспанқұлов жолын Тұңғышбай Жаманқұловтың екі мәрте кескендігі туралы ашық айтты.

  • 30 Мамыр 2023
  • 18544
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы БазарLike бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Өнер академиясына келдім. Бірінші тапсырған кезде Тұңғышбай Жаманқұловқа тапсырдым. Бір ай дайындық курсынан өткен 30 бала жүрген. Соның біреуі ғана түсті. Онда да таныс-тұрыс арқылы. Оны Тұңғышбай ағамыздың бетіне де айтқанмын кезінде. Баланың өзі маған мойындап айтты. Оның несін жасырамыз? 

Төрт жылдан кейін қайтадан тапсырдым. Тағы Тұңғышбай Жаманқұловқа түстім. Алмай қойды. Алмасаң алма дедім. "Ерболат қартайып қалдың" деді. Алғаш тапсырғанымда 23-те кейінгісінде 27-де едім. Ол кісі айтады: "Менде 5 жыл оқыған уақытта театрда болмайсың, киноға түспейсің" деп. 

Үшінші жолғысында барғанымда біраз киноға түсіп тастаған кезім. Талғат Теменов ректор болған кезінде бардым. "Ой не істейсің? Сенің дипломың келбетіңде тұр ғой" дейді. Қолымды бір сілтедім де кеттім", — деді актер.

Бірақ ол қазір Тұңғышбай ағасына деген ренішті ұмытқан көрінеді. 

"Несіне ренжеймін. Бірге киноға түсіп жүрмін қазір. Бірге қанша фильмге түстім мен. Сол кезде қазандай реніш болды. Ол кезде Түкеңе ешкім бетіне қарап сөйлей алмайды. Мен бетіне айтып тастағанмын. "Тауықсыз да таң атады. Сенің "театральныйыңсыз" да күн көремін" деп айттым. Ал одан кейін марқұм Бекен апа менің атымнан хабарласып "Ана бала барыпты. Алмадың ба" депті. Бір күні Тұңғышбай аға дәлізде көріп қалып орысшалап "Менің үстімнен неге аттап жүрсің?" дейді. "Мен сіздің үстіңізден қашан секіріп көрдім" деп қоямын. 

Кейін "Абайдың жастық шағында" Жұмағұлдың рөлін ойнадым. Сол кезде Бекен апа Тұңғышбай ағаға қарап "Ей Түке! Түке! Сенің бір шәкіртің бар ма осы театрда қалған? Кілең саудагерлер" деп ренішін қатты білдірді", — дейді. 


Актер  Ерболат Оспанқұлов уақыт өте Тұңғышбай Жаманқұловпен жақсы араласып кеткен көрінеді. 

Көпшілікке "Гілі-гілі" образымен танылған актер сол бойы кәсіби білім ала алмаған. Оған қатысты актер: "Негізінде актерлық туа бітеді екен ғой. Әйтпесе талай оқыған актер жүр. Арғы жағында түк жоқ", —  деген пікірін білдірі.