"3 грамм 48 мың теңге": Блогер Бибігүл Рамазан Ақтауда есірткінің ашықтан ашық сатылып жатқанын айтып дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"3 грамм 48 мың теңге": Блогер Бибігүл Рамазан Ақтауда есірткінің ашықтан ашық сатылып жатқанын айтып дабыл қақты

"3 грамм 48 мың теңге": Блогер Бибігүл Рамазан Ақтауда есірткінің ашықтан ашық сатылып жатқанын айтып дабыл қақты

Ақтаулық блогер Бибігүл Рамазан Ақтауда есірткінің ашықтан ашық әлеуметтік желіде сатылып жатқанын айтып дабыл қақты.

  • 5 Маусым 2023
  • 213
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ақтаудағы Меф ашық қол жетімді! Міне, 3 маусымға арналған бағалар. Маған уже жастар:”Апай жаз! Апай неге үндемей отырсың?-дейді.

Облыс әкіміне ұсыныс! Түнгі рейдттік шаралар ұйымдастырайық! Ашық сатылып жатқан Екі түнгі клуб бар, соларды тексерейік. Ақтаудағы есірткі бизнесі кімнің интересы? Ақтаулық жастардың өміріне балта шабу кімге керек? Бұл сұмдықты естіп, үндемей отыра алмадым! 

Жедел жұмысты бастаңыздар! Алақандай қаланы неге осындай жағдайға жеткізді? Қалай күресеміз?", — деп дабыл қақты блогер Бибігүл Рамазан.