Шығыс Қазақстанда "Беловодье-2004" Ү халықаралық фольклорлық фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.2
  • 594.3
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда "Беловодье-2004" Ү халықаралық фольклорлық фестиваль өтеді

Шығыс Қазақстанда "Беловодье-2004" Ү халықаралық фольклорлық фестиваль өтеді

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 9-маусымда "Беловодье-2004" халықаралық фольклорлық Ү фестиваль басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық мәдениет басқармасынан хабарлады.

  • 8 Маусым 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы Ресей жылына арналған бұл фестивальды облыстық мәдениет басқармасы мен Риддер қалалық әкімшілігі бірлесіп ұйымдастырады. Шара бағдарламасында фольклорлық ұжымдар мен ансамбльдердің концерттері, мастер-класстар, концерттер, Риддер қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендер тұрғындарымен кездесулер ұйымдастыру көзделген.

Фестивальға Ресейдің Барнаул, Новосибирск, Первоуральск, ал Қазақстанның Алматы, Павлодар, Өскемен, Семей және басқа да қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысады. Риддерге ұзын саны 150-дей әртіс келеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, фестивальде Шығыс Қазақстан облысының ұлттық-мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.