Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің 21 мамырда Грузияның Телави қаласында қаза тапқаны белгілі болды. Бұл жағдай тек енді ғана белгілі болып отыр. 

  • 19 Маусым 2023
  • 99
Фото - Caravan.kz

Бұл  туралы оның әріптесі  Назира Даримбет Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол Жанботтың соңғы рет 19 мамырда байланысқа шыққанын жазған.

"Жанботаның сыныптастары оның 21 мамырда Грузияда Телави қаласында өлтірілгенін хабарлады!!! Сұмдық! Бұлай болғанына сенбеймін? Ол жаққа қалай барған?"- деп жазды ол. 

Сондай-ақ,  Назираның айтуынша  Жанбота Төлеген екеуі бірге оқып, бірге жұмыс істеген. Бірақ,  араларындағы байланыс үзіліп, оны іздеп үйіне де барған. Алайда, әріптесін үйінен де таппаған. 

Нәзира Дәрімбет желідегі жазбасында Қазақстан сыртқы істер министрлігінен алынған ресми құжатты да қосып жариялаған. Құжатта Грузия құзырлы орындарынан алынған мәліметті көрсете отырып, журналистің кісі қолынан қаза тапқаны жазылған. Сонымен қатар "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жұмыстары басталғаны,  осы қылмысты жасады деген  күдіктінің ұсталғаны, мәйіттің сараптамада екені және тексеру аяқталғаны айтылған.

Десе де қылмыстық іске   қатысты деректер әлі толық белгілі болмаған. 

Жанбот Төлегеннің денесі Қазақстанға жеткізіліп, Астана маңындағы Қоянды ауылында жерленген.