Оңтүстік Қазақстан облысында Ысқақ баба кесенесін жаңғыртуға 25 млн. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Ысқақ баба кесенесін жаңғыртуға 25 млн. теңге бөлінеді

Оңтүстік Қазақстан облысында Ысқақ баба кесенесін жаңғыртуға 25 млн. теңге бөлінеді

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Ысқақ баба кесенесін жаңғырту жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Болат Жылқышиевтің ауданға жұмыс сапары кезінде Созақ ауданының әкімі Созақбай Әбдіқұлов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2004
  • 2247
Фото - Caravan.kz

«Мәдени мұра» бағдарламасына енгізілген Ысқақ баба кесенесін жаңғыртуға 25 млн. 800 мың теңге қарастырылған. Биыл 1 млн., келесі жылы 14 млн. 800 мың, 2006-жылы 10 млн. теңге бөлінгелі отыр.

Кесенеде нақты тарихи тұлға жерленген. Арғы тегі Аравиялық Ысқақ баба орта ғасырларда осы өңірде Ислам дінін уағыздаған. Аңызға сенсек, Ысқақ баба Қожа Ахмет Яссауидің бабасы болмақ.