Семейде Абай Құнанбаевты еске алу күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Абай Құнанбаевты еске алу күндері өтеді

Семейде Абай Құнанбаевты еске алу күндері өтеді

Маусымның 21 мен 23-і аралығында Семейде қазақ халқының данышпан перзенті, ақын ұлы Абай Құнанбаевтың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына байланысты ақынды еске алу шаралары өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық мәдениет басқармасының бастығы Құсмиля Нұрқасымов хабарлады.

  • 17 Маусым 2004
  • 1188
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 21-23- маусым күндері Семейдегі Абай атындағы мұражай-қорықта және ұлы ақынның атымен байланысы бар жерлерде салтанатты шаралар өткізіледі. Ақынды еске алу шараларына мәдениет министрлігінің өкілдері, Астаналық Абайтанушы ғалымдар, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің басшылары мен Абайдың үрім-жұрағаттары келмекші.

Алғашқы күні олар ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Абайды еске алу күндерінің ресми ашылуынан кейін Семейлік ақындар, орындаушылар мен суретшілер қазақ халқының айтулы ағартушысының туындыларын орындайды. Екінші күнгі негізгі шаралар Абай мұражайының жанында жалғасып, кешкісін ақын құрметіне ас беріледі. 23-маусымда шараға қатысушылар ақын жерленген Жидебай шатқалына барады.
Абай Құнанбаев 1904-жылдың 23-маусымында дүниеден озған. Алайда, қайтыс болғаннан 10 жылдан кейін ғана ол дара ақын ретінде мойындалды. Ақын шығармашылығына арналған тұңғыш кештік 1914-жылы өткізілді.
Бұл шараны Семейдің ауқатты тұрғындары ұйымдастырған.
Қ.Нұрқасымовтың пікірінше, Абайдың өмірі мен шығармашылығы әлі де қосымша зерттеулерді қажет етеді. Ақын шығармашылығын пір тұтатындарға айталын тың ойлар, қызғылықты деректер әлі де көп. Осындай жаңаша зерттеулердің біраз бөлігі Абайды еске алу шаралары аясында осы жолы алғаш рет жария етілмекші.