2004-жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда есірткіге байланысты 4,2 мың қылмыс әшкереленіп, 4 мың тоннадай есірткі заттары тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда есірткіге байланысты 4,2 мың қылмыс әшкереленіп, 4 мың тоннадай есірткі заттары тәркіленді

2004-жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда есірткіге байланысты 4,2 мың қылмыс әшкереленіп, 4 мың тоннадай есірткі заттары тәркіленді

2004-жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда есірткіге байланысты 4,2 мың қылмыс әшкереленіп, 4 мың тоннадай есірткі заттары тәркіленді. Осыған байланысты 1743 адам қылмыстық, 1007 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы 26-маусымда атап өтілетін есірткі және есірткі саудасымен халықаралық күрес күніне орай бүгін, 24-маусымда өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов хабарлады.

  • 24 Маусым 2004
  • 454
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, А.Выборов 2003-жылы есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарының 26 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына назар аударды. Вице-министрдің мәлімдеуінше, министрлік «өз қатарындағы қызметкерлердің осындай қылмысқа қатыстылығын бірінші кезекте» қадағалайды.

7-маусымда «Көкнәр-2004» операциясы басталғаннан бері есірткіге қатысты 100-ден астам қылмыс, соның ішінде республика аумағында ірі көлемдегі есірткі партиясын сатуға байланысты 50, тәркілеуге байланысты 10 дерек әшкереленді.
Операция мерзімінде құқық қорғау органдары 8 кило героин мен 100 кило марихуана және гашиш тәркіленді, деді А.Выборов. Оның айтуынша, есірткіге қатысты қылмыстардың көп бөлігі Алматы ,Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелді. «Көкнәр-2004» операциясы 15-қазанға дейін созылады.
Вице-министрдің айтуынша, 26-маусым — есірткі және есірткі саудасымен халықаралық күрес күнінде Астанада Елордасы, Жамбыл және Қарағанды облыстары аумағында тәркіленген есірткі заттарын жою шарасы жүзеге асырылады. Биылғы жылы заңсыз айналымнан шығарылған 300-400 килоға жуық түрлі есірткі заттары өртеледі деп күтілуде.