Алдағы күндері ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасад

  • 12 Шiлде 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы өтетін батыс циклонына байланысты, 14-15 шілдеде солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 15 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз.


" 13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасының төмендеуі солтүстікте және орталықта 30 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың батысында 25-35 градус жылы", — делінген хабарламада.