"Жауапкершілікке тарту қажет". Зәкиева Астанада болған төбелеске қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жауапкершілікке тарту қажет". Зәкиева Астанада болған төбелеске қатысты пікір білдірді

"Жауапкершілікке тарту қажет". Зәкиева Астанада болған төбелеске қатысты пікір білдірді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Астана қаласында сауда орталығында болған төбелеске қатысты ойымен бөліст

  • 13 Шiлде 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна"-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

18 маусым күні Астана қаласындағы сауда орталықтарының бірінде кішкентай баланы көтеріп тұрған азаматқа боксшы Бейбіт Шүменов жұдырық ала жүгіріп, төбелес орын алған болатын.

Кейіннен Шүменов соққыға жыққан ер адамның ұлында аутизм белгілері бар екендігі айтылды.

Кадрлардан баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейнемен расталатынын айтты Динара Зәкиева.

"Бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке "Қорқыту" атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын" деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.


Сондай-ақ, ол кез-келген жағдайда ересектер балалар туралы ойлауы қажет екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған жағдайдан соң Бейбіт Шүменовтың қандай жаза арқалайтыны жайлы хабарланған болатын. Оған екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұрғаны айтылды.