"15 жасар зорланған қыздың ісін “қылмыстың құрамы жоқ”, деп Шымкент қаласының прокуроры қысқартып тастады" - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"15 жасар зорланған қыздың ісін “қылмыстың  құрамы жоқ”,  деп Шымкент қаласының прокуроры қысқартып тастады" - Айгүл Орынбек

"15 жасар зорланған қыздың ісін “қылмыстың құрамы жоқ”, деп Шымкент қаласының прокуроры қысқартып тастады" - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек 15 жасар зорланған қыздың ісін  “қылмыстың құрамы жоқ”, деп Шымкент қаласының прокуроры қысқартып тастады деп прокурор Ержан Маратты айыптады.

  • 3 Тамыз 2023
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"15 жасар зорланған жасөсіпірім қыздың ісін “қылмыстың құрамы жоқ”, деп Шымкент қаласының прокуроры Ержан Марат қысқартып тастады!

Сараптаманы сонша созып жүргендеріне қарап, істі жауып тастамас үшін қолымнан келген барлық іс-әрекетті жасадым.

“Заңдылық орнау керек” деп біраз шырылдадым!

Нәтижесі міне, өздеріңіз көріп отырғандай!

Ең бастысы, Алланың және Елдің алдында да жүзім — ақ, арым — таза! Бәріне Халықтың өзі — КУӘ!

Біздің әлсіздер мен осал топтың мүшелері өздерінің зорланғанын дәлелдей алмайтын мемлекетте тұратынымыз — өкінішті…!

Дәл осылай жалғаса берсе, біздің құқықтық мемлекет болатынымызға халықтың сенімі өшеді…

Істі бір жабар, мейлі екі жабар… қысқартып тастап, Адам құқықтарын да аяққа таптайтын шығар?


Бірақ, бәрінің де қайтарымы бар!

Берік Асылов мырза басқарып отырған уақытта, зорлық көрген жасөспірім қыздардың істері созбалаңға салынған деп тарихта қалатыны сөзсіз!

Зорлыққа ұшыраған дәрменсіз жасөспірімнің ісін жауып тастағандар “обалдан” да қорықпады.

Бүгін олардың “құзырлары” жүріп құтылып кетсе де, Ар алдында және Алланың алдында жауап берері сөзсіз…

Тапсырдым!

Ал Бұл да бір — үлкен өмірлік сабақ болды.

Әділдік жолында әрмен қарай күресе беру керектігіме себеп және негіз болды!

Ал мен Заңның АДАМ құқығы мен қауіпсіздігі үшін жұмыс істейтініне бәрібір сенемін!", — деп жазды Айгүл Орынбек.