Астанада Қазақстан мен Ресейлік археологтардың бас қосуы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан мен Ресейлік археологтардың бас қосуы өтеді

Астанада Қазақстан мен Ресейлік археологтардың бас қосуы өтеді

29-шілдеде Астанада Қазақстан мен Ресейлік археологтардың бас қосуы өтеді. Бұл туралы бүгін, 15-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Бузок" экспедициясының жетекшісі Марал Хабдуллина мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2004
  • 514
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ғалымдар форумының басты мақсаты — Астанадан 10 шақырымда орналасқан Бузок атты ежелгі қаланың салынған жылын анықтау. Қазақстандық ғалымдар бұл қаланы 1999-жылдан бері зерттеуде. Бес жылға созылған қазба жұмыстарының нәтижесінде ғалымдар қаланың іргетасы Х-ХІІ ғасырларда бекініс-қала түрінде қаланып, Далалық жібек жолы бойындағы әскери ставка ролін атқарған деген тұжырым жасады. Зерттеушілер Бузок қаласы Астананың ізашары деп санайды.

Елордалық археологтар қазір Бузок қаласын ашық аспан астындағы тарихи-археологиялық ескерткіш-мұражай ретінде құруды көздеп отыр. М.Хабдуллинаның айтуынша, Астананың 2005-жылғы бюджетінде Бузок қаласы — ескерткіш-мұражайын құрудың техника-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы қарастырылған.