"Әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандар жоғары білімді, милары сақылдап тұрған қыз-келіншектер ": Желіде түрмедегі әйелдердің зорланатыны айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандар жоғары білімді, милары сақылдап тұрған қыз-келіншектер ": Желіде түрмедегі әйелдердің зорланатыны айтылды

"Әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандар жоғары білімді, милары сақылдап тұрған қыз-келіншектер ": Желіде түрмедегі әйелдердің зорланатыны айтылды

Жауғаштыдағы әйелдер колониясында 570 әйелдің хал-ахуалы айтылды. 

  • 17 Тамыз 2023
  • 19534
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Әмірболат Құсайынұлының фейсбуктегі парақшасында жаззды деп хабарлайды.  

Әмірболат Құсайынұлы колониядағы әйелдердің жартысы жоғары білімді, түрлі қызмет жасағандарын, сонымен қатар олардың зорлыққа ұшырағанын да жасырмады. Сотталған әйелдер депутаттардың түрмеге келуін қалайтын көрінеді. Себебі, айтатын мәселе шаш етектен екен.

— Жауғаштыдағы әйел колониясына жылына бірнеше рет барып тұрам. Жазасын өтеп жатқандардың жартысына жуығы жоғары білімді және түрлі қызметте болған, милары сақылдап тұрған қыз-келіншектер. Экономикалық қылмыспен қамалғандарының ішінде бітпес өксік бар. Бастықтары лақтырып кеткен, биліктегі жылпостардың жетегіне түсіп қалған, құжаттарға қол қойған, ақырында құрбан болған дегендей. Адам өлтірген, анаша сатқан, сақтағандарға рақымшылық бар, ал қаржылық қылмыспен қамалғандардың бірде біреуі рақымшылыққа ілінбеген. Қамалып бір, миллион, миллиардтарды төлеп екі күйіп отырғандар. Он бәлен жылды арқалап кете барғандары көп. Қапастағы 570 әйелді ҚАЖД қарайтын 80-ге жуық жігіт күзетеді. Бірнеше рет қамаудағы әйелдермен "махаббат" хикаясы орын алған, зорлыққа ұшырап, босанған жағдайда болған. Түрменің ішіндегі балабақшада үш жасқа дейінгі 32 бала бар. Айтпағым бұл емес, сол сотталған әйелдер Жаңа Қазақстанның депутаттарын көргілері келеді, кездесуге келсе дейді, айтар арыз-шағымдары аз емес. Заңның қарама-қайшы, кереғар тұстарын да жаттап алған. Түрменің ішкі жағдайы да оңып тұрған жоқ, бір залда 65-90 адам аралығында ұйықтайды. Күн де, түн де ыстық, кондер жоқ. Су ол жиі үзіледі. Общм Нартай Сарсенгалиев өзіңді күтіп жүрген әйел көп бұл жақта. Сырттағы еркіндік, бостандықтың қадірін қапаста жатқандар жақсы түсінеді, деп жазды.