«Қазақ ай сайын 85 мың теңгені кредитке төлеп, жалдамалы пәтерге жұмсайды»: Белгілі журналист биліктегі тағы бір шенеуніктің сөзін тас талқан етті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақ ай сайын 85 мың теңгені кредитке төлеп, жалдамалы пәтерге жұмсайды»: Белгілі журналист биліктегі тағы бір шенеуніктің сөзін тас талқан етті

«Қазақ ай сайын 85 мың теңгені кредитке төлеп, жалдамалы пәтерге жұмсайды»: Белгілі журналист биліктегі тағы бір шенеуніктің сөзін тас талқан етті

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың ай сайын 85 мың теңгеге өмір сүруге болады деген сөзін жоққа шығарды.

  • 18 Тамыз 2023
  • 99
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналисттің елдегі ахуалды шенеуніктер қалайша білмейтініне күйінді.

«Елімізде 85 мың тг. #спокойно өмір сүруге болады деген батыр осы екен ғой.
Мәселе оны неге жұмсайсың? Ол адам жемей ме, ішпей ме, киінбей ме, балалары ше? Көп қазақ ай сайын 85 мың тг. кредит төлеп, бұдан көп ақшаны жалдамалы пәтерге жұмсайтынын Еңбек және әлеуметтік вице-министрі қалай білмейді.

Осы шенділердің ақылы-ақ тасып тұрады екен: біреуі просто нанға ақша таппасаңдар пирожное жеңдер деп еді, келесі: зейнет жасын азайтуға неге асығасыңдар ол қартаюдың белгісі дегені есте. Бәрінен де 5 жыл бұрынғы Байбектің : шет елдіктер Алматы мейрамханаларында 500 тг тоя тамақ ішеді дегені мен энергетика министрі Бозымбаевтың Астанаға газ келуін құдай ғана біледісін ұмытқан жоқ шығарсыздар? Сонымен, мейлінше үнемдеп есептеп көрейік, 85 мың тг. бір адам бір ай қалай өмір сүреді? Сіз неге жұмсар едіңіз?», — деп жазды ол.