Ал кеше, 3-тамызда АҚШ елшілігіндегі жарылыс салдарынан жарақаттанған Өзбекстандық милиция қызметкері ауруханада көз жұмды. Жарылыс бола сала АҚШ елшілігінің тағы бір күзет қызметкері мен Израиль елшілігінің екі күзетшісі қаза тапқан болатын.
Ташкенттегі жарылыстар 30-шілдеде, биылғы көктемде осы елде болған лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушы күдіктілер деп танылған 15 адамның үстінен сот процессі басталғаннан бірнеше күннен кейін шықты. Сол кезде 47 адам көз жұмған болатын.
Дүйсенбі күні сот кейінге қалдырылды. Өзбекстан жоғарғы соты өкілінің мәлімдеуінше, бұл «бір адвокаттың ауырып қалуына байланысты». Алайда, республикалық полиция төрағасы Олег Биченовтың «Associated press» агенттігіне хабарлауынша, 30-шілдедегі лаңкестік әрекеттер сот процессіне байланысты.