Қазақстан Үндістанда тұтқында отырған әйелді қайтаруға көмектесуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Үндістанда тұтқында отырған әйелді қайтаруға көмектесуде

Қазақстан Үндістанда тұтқында отырған әйелді қайтаруға көмектесуде

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Үндістаннан қарағандылық әйелді балаларымен қайтаруға көмектесіп жатыр.

  • 31 Тамыз 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Үндістанның Калькутта қаласында тұрып жатқан қарағандылық әйел өзін және балаларын құтқаруды өтінген еді. Ол 10 жастағы, 3,5 және 1,1 жастағы үш баласымен аталған қалада тұрып жатыр.

Қазақстандық әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жатқан көрінеді. Үш баланың анасы кейінгі 4 жыл бойы өзін ұрып-соғып, бүкіл отбасын тұтқында ұстаған күйеуінен құтқаруды өтініп отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы отбасының мәселесімен консул айналысып жатқанын және құжаттарын түгендеу басталғанын жариялады.


Консул балалардың анасымен байланысқа шығып, барлық көмекті жасайды. Оларды Қазақстанға қайтаруға көмектесеміз, – делінген министрлік мәліметінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үнді азаматына тұрмысқа шыққан қарағандылық әйел туралы жазған едік