"Қажылыққа барғандардың іс-әрекетіне қарап жиіркенемін": Қоғам белсендісі Қағбаның ішіндегі тастың жұмақтан түспегенін, метеорит екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қажылыққа барғандардың іс-әрекетіне қарап жиіркенемін": Қоғам белсендісі Қағбаның ішіндегі тастың жұмақтан түспегенін, метеорит екенін айтты

"Қажылыққа барғандардың іс-әрекетіне қарап жиіркенемін": Қоғам белсендісі Қағбаның ішіндегі тастың жұмақтан түспегенін, метеорит екенін айтты

Қоғам белсендісі Нұржан Жолдыбекұлы Меккеге барғаннан гөрі туған жеріңе барған дұрыс екенін айтты. 

  • 1 Қыркүйек 2023
  • 2944
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Құдай бар болғанын мен қалаймын, өкініштісі жоқ. Құдай бар болса, қазір қоғамда болып жатқан бассыздықтардың бірі де болмас еді. Қазақты басыну болмайтын еді. Түсінген адамға біз орыстың отарындағы елміз. Құдай бар болғанда мұның бәрі болмайтын еді. Өйткені Құдайдың алдында таза екі ұлт болатын болса, соның біреуі қазақ. Шын тәуелсіздік бізде жоқ. Мен атеистпін. Мен мұсылман емеспін. Мен хат жазып дайындап қойғанмын. Хатта мен өлсем маған жаназаның қажеті жоқ деп жазылған. Адам қайтьс болғанда шежіре түгендеп, оның ел үшін істеген дүниелері айту керек. Кеше Бердібек Сапарбаев өлді. Елдің бәрі керемет адам дейді. Мен онымен жұмыс істеген адаммын. Ешқандай да әулие емес, ортаңқол адам", — дейді ол. 

Нұржан Жолдыбекұлы уағышлардың қазақты надандыққа итермелеп жатқанын да  айтты.

"Мен Мұхаммеджан Тазабекті де, Мырзатаймен өш емеспін. Бұларды өзіме оппонент санаймын. Өйткені мен қазаққа ағартушылық қызмет жасасам, олар қазақты биліктің аяғына жығып беруші, надандыққа, қараңғылыққа, ескілікке қарай итермелейтін қауым. Олар халықты өздеріне табындырып жатыр. Діни сауаты аз, логикалық қабілеті төмен адамдарды дінге кіргізіп жатыр. Діннің айтатыны не? Мына өмір жалған, ешкімнен ештеңе сұрама, дүниенің соңына түспе. Сол Мырзатаймен қатар жүрген уағызшылар 50 миллион теңгенің джибін айдайды, 100 миллион теңгенің үйінде тұрады. Уағыз айту арқылы мыңдаған қазақты саудиттардың клиенті етіп отыр. Сөздері мен істері басқа. Байларды, спортшыларды, әртістерді жоспарлы түрде дінге кіргізу мәселесі қолға алынады. Біздегі құзырлы органдар діндегі кірісті анықтау керек.  ", — дейді қоғам белсендісі.

Сондай-ақ,ол мұсылманның 5 парызының бірі саналатын қасиетті Қағбаны да жоққа шығарды. 


"Мұхаммед пайғамбар арабтар үшін өлмейтін бизнестің көзін ашып беріп кетті. Халық Меккеге барады, ертегіге сай қажылар Мина тауын айналады. Қағбаның ішінде метеорит тас жатыр. Бұны жұмақтан түскен тас дейді. Ешқандай тас емес, біз қазір оның метеорит екенін білеміз. Соған барып табынады, соны жалайды, сүйеді. Не деген сұмдық?! Анаған қарап жиіркенемін. Меккеге барғаннан гөрі туған жеріңе барғаның дұрыс", — дейді Нұржан Жолдыбекұлы.