Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді

Биыл қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған келеді.

  • 11 Қыркүйек 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Осы ретте, үстіміздегі жылдың 3 қарашасына жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы», — деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.

Еске салайық, Түркі мемлекеттерінің 10-шы мерейтойлық саммиті Түркістан қаласында өтеді.