«Табиғи апат болады»: Танымал экстрасенс Қазақстанды алдағы жылдары не күтіп тұрғанын болжады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Табиғи апат болады»: Танымал экстрасенс Қазақстанды алдағы жылдары не күтіп тұрғанын болжады

«Табиғи апат болады»: Танымал экстрасенс Қазақстанды алдағы жылдары не күтіп тұрғанын болжады

Танымал экстрасенс, Ресейдегі «Битва экстрасенсов» шоуының қатысушысы Кямран Самедов Қазақстанның болашағына қатысты болжамдарымен бөлісті.

  • 28 Қыркүйек 2023
  • 47
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге ол Ресей мен Украина арасындағы соғыс қашан аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Экстрасенстің Қазақстанның болашағына қатысты болжамын белгілі журналист Гүлмира Әбіқай тыңдаған. Айтуынша, көріпкелдің бұлай айтуына 12 жастағы қыздың өліміне қатысты ата-анасының хабарласауы себеп болған. Ол отандық бағдарламалардың бірінде өз-өзіне қол жұмсаған қыздың өлімі ғана емес, ел болашағына қатысты сұрақтарға да жауап берген.

«12 жастағы қыздың ауылдағы мал қорада асылып өлуі бәріне шок болды. Ата-анасы талып, әулеті есеңгіреп қалды.
Сабаққа барып-келіп тыныш жүрген жасөспірім өзін-өзі өлімге неге қиды? Не (кім) әсер етті? Әлде, бұл өлімге өзгенің қатысы бар ма деген сауалдарға басы жетпеген жақындары белгілі экстрасенс Кямран Самедовжүгінеді. Кямран дөп айтыпты. «Гүлмира ханым, кешке бағдарламаны міндетті түрде көріңізші» деп хабарласты Сәмедов. «Тырысамын! Өзім де сол құралпы қыз өсіріп отырмын, өте өкінішті әрі қорқынышты» дедім.

«Білсеңіз, менен өлім себебі жайлы сирек сұрайды. Көбісі, әсіресе, Қазақстандықтар жоқ іздейді. Адам жоғалтқандар көп сіздерде, жақынынан бастап мал, жылқы, алтынын іздеп хабарласады. Әр өңір (мемлекет) өз менталитетіне орай сұрақ қояды. Мысалы, сіздердің алып көршілер арасында бала болашағын, түсетін оқуын, тіпті, орналасатын жұмыс саласын анықтап алғысы келетіндер жетерлік. Оңтүстік көршілеріңіз дерт диагнозы мен түсіне аян салдырады” деп қызық мәліметтерді жеткізді ол.

— Ақыр бүгін ашылып тұр екенсіз айтыңызшы, осы соғыс немен бітеді? дедім мен қарап тұрмай.


— Нақты жеңімпазды көріп тұрғаным жоқ, екеуі бітімгершілікке келеді-ау. Бұл соғыс әлі 2 жылға созылуы мүмкін.
— Неге қазір онкология көп, неге? Қазақстанда әр 5 адамның біреуі жаман ауру, мұны немен байланыстыруға болады?
— Рак, тек Қазақстан емес әлемді жаулап барады. Басты себеп, жүйке тозу. Адам ашуланғанда (күйгелектік) имуунитетті түсіріп, атипичный клетканы дамытады. Осыдан сақтануымыз қажет.
— Неге жас балалар арасында аутизм көп?
— Аутизм — эмоция дефициті. Ғылым 40% генетикалық дерт дегенмен, нақты шығу себебі жоқ. Дегемен, айтпағым аутизмді дәрі-дәрмекпен емдеу бекер, қажет емес. Мұнда жүйелі мамандар курсы және ең бастысы ата-ана сенімі қажет!
— Соңғы сауал, Қазақстанның болашағын қалай елестетесіз?
— Аллаға шүкір, еш жамандық көріп тұрғаным жоқ. Соғыс болмайды, сол анық. 2024-ші жылы шағын табиғи құбылыс болуы мүмкін. Келер жылы Қазақстан спорттан үлкен жетістікке жетеді», — деп жазды журналист.