Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам Су шатқалында "Жастар бірлігі" атты екінші фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам Су шатқалында "Жастар бірлігі" атты екінші фестиваль өтеді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам Су шатқалында "Жастар бірлігі" атты екінші фестиваль өтеді

Бүгін, 26-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам Су шатқалындағы "Альтекс" кемпингінде "Жастар бірлігі" атты екінші республикалық тау фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлттық мәдени орталықтардың жастар қанатының төрағасы Бесұлт Дециев хабарлады.

  • 26 Тамыз 2004
  • 729
Фото - Caravan.kz

Фестивальға Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлттық мәдени орталықтардың жас жетекшілері, Бейбітшілік корпусы мен «Қазақстан жастары конгрессінің» құрамындағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Жалпы саны 70 адам шараға атсалыспақшы.

Фестиваль бағдарламасына сәйкес, теңіз деңгейінен биіктігі 4030 метрді құрайтын Қазақстан жастары конгрессінің шыңына шығу, спорттық жарыстар өткізу, жастар ұйымдарының тұсаукесерін ұйымдастыру, жалпыхалықтық мәдени шаралар өткізу көзделіп отыр.
Өткен жылы еліміздің әр облысынан келген туристер өздерімен бірге бір уыстан топырақ әкеліп, еліміз жастары арасындағы бірліктің нышаны іспетті шың басына шашқан болатын. Ал бұл жолы бүгінгі форумға қатысушылар атынан 2030- жылғы жастарға жолдау салынған капсуланы жасыру шарасы өтеді деп күтілуде.