“Маған десе бір-бірін қырып салсын”: Алуа Қонарова украиндықтардан көңілі қалғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Маған десе бір-бірін қырып салсын”: Алуа Қонарова украиндықтардан көңілі қалғанын айтты

“Маған десе бір-бірін қырып салсын”: Алуа Қонарова украиндықтардан көңілі қалғанын айтты

Продюсер Алуа Қонарова Израиль мен Палестина елдеріндегі жанжалға байланысты мұсылмандарға қатысты теріс пікір білдірген украиндықтар ренішін білдірді.

  • 9 Қазан 2023
  • 6194
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Неліктен бүкіл әлем Палестинаны басып алған Израильді қолдап жатыр? Әлде мен бір нәрсені түсінбеймін бе? Украиналық телеграм арналарға кірсем мұсылмандарды жерден алып, жерге салып жатыр екен", — деді Алуа Қонарова.

Продюсер сондай-ақ енді украиндықтар "жаны ашымайтынын, тек елін ғана ойлайтынын айтты.

"Олар толық түсініп алмай бірден мұсылмандарды кінәлауға жөнелген. Олар да дәл сондай ұлтқа бөлінгіштер. Мұсылмандар туралы өте жаман сөздер жазуда. Маған енді бәрібір. Маған десе бір-бірін қырып салсын. Украина үшін көптеген мұсылмандардың соғысып жатқанын олар тіпті мойындағылары келмейді", — деді Алуа Қонарова.