Қазақстан "Кітап өнері" атты бірінші халықаралық байқаудың жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "Кітап өнері" атты бірінші халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

Қазақстан "Кітап өнері" атты бірінші халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

Бүгін, 3- қыркүйекте Минск қаласында ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы "Кітап өнері" атты бірінші халықаралық байқаудың жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2004
  • 540
Фото - Caravan.kz

Байқау ХҮІІ халықаралық Мәскеу көрме-жәрмеңкесі аясында өткізілді. Шара Мерзімді басылым, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық кеңестің басқаруымен және РФ баспа және бұқаралық коммуникациялар жөніндегі федералдық агенттік пен ТМД Атқару комитетінің белсенді қолдауымен өткізілді.

Байқауға ТМД-ның 10 елінен 6 номинация бойынша 153 баспа үйі қатысты.
Қазақстан «Бірлік», «Біздің замандас» және «Жоғары бұқаралық кітап мәдениеті үшін» деген номинациялар бойынша жүлдегер атанды. Сондай-ақ, «Халық құрметі -Елбасына сыйлық» атты кітап байқаудың әділ қазылар алқасының арнаулы марапат қағазына ие болды.