"Айтжанов қызметтен кетсін, мына бокс болмайды": Журналист Мырзағали Айтжановқа қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айтжанов қызметтен кетсін, мына бокс болмайды": Журналист  Мырзағали Айтжановқа қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатқанын айтты

"Айтжанов қызметтен кетсін, мына бокс болмайды": Журналист Мырзағали Айтжановқа қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатқанын айтты

Қытайда өткен Азия ойындарында  ұлттық спортқа айналып кеткен бокстан отандық спортшылар алтынсыз қалғаннан кейін қоғамда ұлттық құраманың бас бапкері  Мырзағали Айтжанов орнын босату керек деген пікір кең тарады. Спорт журналисі Аслан Каженов те бұл мәселеге байланысты өз ойымен бөлісті. 

  • 13 Қазан 2023
  • 10295
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Қасқа жол" YouTube арнасына берген сұхбатта айтты. 

"Бәрі Айтжанов қызметтен кетсін, мына бокс болмайды, балалардың бәрі біткен деп айтты.  Біріншіден, бізде қазір Айтжановтан басқа адам жоқ. Екіншіден, мен бокс федерациясынан сұрағанда бұл кісіні бәрібір Парижге апарамыз деді. Өйткені, Парижге өте қысқа аралық қалды. 8 айда бокста да, отандық спортта да үлкен өзгерістер жасай алмаймыз. Кәсіпқой спорт үшін өте қысқа аралық. Үшіншіден, бұл — іріткі. Оны салып жатқан көрші елдің өкілдері. Мен оны атлеттер қалашығында естідім. Қазақтан Айтжанов кететін болса, қазақ боксы бітеді. Ол үшін не істеу керек? Айтжановты алу керек. Алу үшін не істеу керек? Олар отты ішке, өздеріне лақтыру керек.  Алып тастасын деп өздері талап етсін. Федерация мен халықты бір-бірімен қырылдырады. Қазақ бір-бірімен қырылсын дейді. Мұндай нәрсе менің намысыма тиеді. Айтжановқа менде ренжідім, Асланбектің жекпе-жегінен кейін. "Аға, балаларды алып кетіңіз, неге протест жоқ" дедім. Ол кісі "мен не істей аламын, бұл жерде талап бар, ереже бар" деп айтты. Кейін Ұлттық олимпиадалық комитет, министрлік, бокс федерациясы бірігіп шағым тастадық деді. Ол кісілер заңмен шешкісі келеді. Ол кісілер Асланбектің жепе-жегі ұрланды деп және Карина еркек қарсыласпен шықты деп шағым тастады. Қазір ресми жауабын күтіп отыр", — дейді журналист. 

Оның айтуы бойынша, қазақ боксын құрту мақсатында Мырзағали Айтжановқа қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр. 

"Қазақ боксын құрту көп елдерге тиімді және біздің ішіміздегі жауларға да керек. Мырзағали Айтжанов Сәкенді сүйрейді, Санжарды қоспады дейтін де сөз бар. Алда 1 айдан кейін спартакиада болады. Санжар мықты болса,  келіп Сәкенді жеңсін. Бокс мүмкіндік беріп жатыр. Сәкенді де біз психологиялық тұрғыда мұқата береміз. Әйтпесе, толық бабында тұрған жігі", — дейді ол. 

Аслан Каженов мемлекет тарпынан қаржыландыратын спорт түрлерінің ішінде стриптиз, балық аулау секілді спорт түрлері барын да жасырмады.

"Мемлекет тарапынан қаржыландыратын 178 спорт түрі бар. Бұл — масқара, трагедия. Оның ішінде спорт на пилоне деген бар. Ол қарапайым тілмен айтқанда стриптиз. Темірге айналып билейді. Соны спорт қып тіркеген. Кәдімгідей жарыстар өтеді. Ол жерде не мақсат? Балық аулау да спорт ретінде тіркеліп тұр. Ол спорт па, сауық ма? Мұның бәрі ақша. Ақша далаға кетіп жатыр. Қолдан келетін спорттарды ғана қалдыру керек. Олимпиадалық спорт түрлерінің өзі 101. Оның ішінде де бізге керек еместері көп", — дейді журналист.