Форумды «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің түрік өркениетін зерттеу орталығы ұйымдастырғалы отыр. Оған 28 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Конгресске қатысуға Германия, Қытай, Қазақстан, Ресей , Түркия және басқа да елдердің ғалымдары әзірлік танытқан.
Университеттің баспасөз орталығынан хабарлағанындай, конгрессті өткізудегі мақсат — түрік өркениетін дамыту проблемаларына арналған зерттеулердің қорытындысын шығару және бұдан былайғы ғылыми зерттеулердің басты бағыттарын айқындау болып табылады.