Алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгерістер бар: рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан алтыға көтерілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші орында Доминикан Республикасынан Карлос Адамес, үшінші – кубалық Эрисланди Лара.
The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті келесідей:
- Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),
- Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),
- Эрисланди Лара (Куба),
- Сергей Деревянченко (Украина),
- Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания),
- Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),
- Элайджа Гарсия (АҚШ),
- Феликс Кэш (Ұлыбритания),
- Лиам Смит (Ұлыбритания),
- Хамза Шираз (Ұлыбритания).